Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес салтанатты рәсім барысында сала қызметкерлері мен озық мамандарға «Үздік автокөлікші» және «Үздік жолшы» төсбелгілері, сондай-ақ Құрмет грамоталары табысталды.
— Марапаттар көпжылдық кәсіби шеберлігі, адал еңбегі, көлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан маңызды үлесі, сондай-ақ жоғары нәтижелері мен белсенді кәсіби қызметі үшін берілді, — делінген хабарламада.
Осыған дейін бүгін Ақордада Отан қорғаушы күніне орай мерекелік іс-шара өтетінін жаздық.