«ҚР автокөлік қызметкерлері одағы» ЗТБ бас директоры Сәбит Аманбаев көлік саласында қызмет етіп жүрген мамандардың қоғамдағы беделін арттыру мақсатында кәсіби мереке – автомобиль көлігі қызметкерлері күнін бекіту қажеттігі туралы айтты.
Кәсіби мерекені бекітуге қатысты одақ басшысының сауалына Көлік министрі Марат Қарабаев жауап берді. Оның мәліметінше, қазіргі таңда тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қаңтарда тиісті ұсыныс Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберілген.