Қолқаны қапқан сасық иіс: алматылықтар әкімнен көмек сұрады
Наурызбай ауданының тұрғыны «Алма Сити» көпқабатты үй тұрғындарының атынан әкімге жүгінді. Оның айтуынша, олардың тұрғын үй кешені қағаз шығару зауытының жанында орналасқан.
«Зауыттан қолқаны қабатын сасық иіс шығады. Жағымсыз иіс бүкіл ауданға тарайды. Бұл қағаз зауытын қала сыртына көшіру керек. Ол ауаны ластамауы қажет. Оның орнына мектеп немесе балабақша салуға болады. Бұл «Алма Сити» тұрғындарының өтініші»,- деді Наурызбай ауданының түрғыны.
Өз кезегінде Ерболат Досаев аталаған зауыт Алматы облысына қарасты екенін айтты.
«Қағаз шығаратын зауыт Алматы облысына тиесілі. Зауытты басқа жаққа көшіру оңай шаруа емес. Ол жерде де адамар жұмыс істеп жатыр. Олар Алматы облысына салық төлеп отыр. Мен Алматы облысы әкіміне кәсіпорын иесімен сөйлесіп, кейбір талаптарды орындауы керектігін айтам»,- деп жауап берді Ерболат Досаев.