Қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында Департамент күштері мен құралдары жұмылдырылған. Еліміздің барлық теміржол вокзалы мен әуежайында, сондай-ақ жолаушылар пойыздарында полиция нарядтары екі есеге артты. Көлік нысандарында патрульдеу үшін Кинологиялық қызмет орталығының қызметтік-іздестіру иттері де жұмылдырылған.
Аталған іс-шараны өткізудің 3 күнінде еліміздің әуе және теміржол көлігі объектілерінде түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 1 222 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде ұсақ бұзақылық үшін 5, жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 84, тыныштықты бұзған үшін 7, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін 95, тіркеусіз, жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрған 32, теміржол көлігін пайдалану қағидаларын бұзу бойынша 807, темір жол көлігі құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 77 және т.б.
Бұған қоса, Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 80 шетелдік ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көлік объектілерінде тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген 27 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып, олардың 16-сы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына орналастырылды.
Департамент бойынша 109 тұлға ІІО-ғы дактилоскопиялық, фото-бейне есебіне қойылды.
Басты қағидат – заң мен тәртіп. Басты міндет – әрбір адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамда заңдылық пен тәртіпті нығайтуға ықпал ету жұмыстарын тиімді ұйымдастыру.
ЖПІШ өткізу кезеңінде Департаменттің қызмет көрсету учаскесінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру бойынша теміржол төсеміне жақын орналасқан орта мектептерде профилактикалық дәрістер өткізілді.