ҚР Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен семинар барысында ТалғатНәрікбаев кәсіби-техникалық білім беру бойынша мемлекеттік тапсырыс қалайжүзеге асып жатқанына тоқталды.
«Мұнда даөзекті проблемалар бар. Әсіресе, осымақсатқа бөлінетін жергілікті бюджеттің тиімді игерілуіне назар аударуқажет. Қаржы мамандар тапшылығы мен өңірэкономикасының қажеттілігіне қарайбөлініп, игерілмейтіні белгілі болып отыр. Қаражатты көз жұмып бөледі деугеболады. Еңбек нарығына талдау жүргізіп, болжам жасау жоқ екені әшкере болды.Бұл тіпті кешенді мәселе деуге болады. Бұған жергілікті әкімдіктер ғана емес,ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі де жауапты. Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасыныңдерегі бойынша, 2019 жылы кәсіби-техникалық білім беру ұйымдарына маман даярлау үшін 6 млрд 198млн 900 мың теңге бөлінген. Жаңа ғанамагистратураға 13 мың грант бөлінгені айтылды. Оның жалпы сомасы 3,5-4 млрдтеңге шамасында. Ал кәсіби-техникалық білім беруге бірНұр-Сұлтан қаласыныңөзіне ғана 6 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған. Бұл жыл сайын қайталаныпкеледі және барлық өңірлерге тән жағдай», - деген Талғат Нәрікбаевкәсіби-техникалық білім беру ұйымдарына мелекеттік тапсырыс беру процесіндекүрделі жемқорлық тәуекелдері бар екенін атады.
«Нұр-Сұлтанқаласында бұл бағыттағымемлекеттік тапсырысты 24 ұйым қабылдайды. Соның 19-ы ғана оқуға қабылдауережесін ұсынған. Ол ережелерді талдай келе, ҚРБілім және ғылым министрінің 2018 жылғы бұйрығындағы типтік ережені көшіресалғанын көрдік. Яғни, ол ережеденүміткер ешқандай қажетті ақпарат алмайды деген сөз. Колледж веб-сайттарында дасынақ тест пен әңгімелесу кезінде қандай бағыттағы сұрақтар қойылатыны туралымардымды ақпарат жоқ. Яғни, колледжге түскісі келгендер қандай сұраққойылатынан бейхабар болып баруғамәжбүр. Бұл өз кезегінде жемқорлық тәуекелін арттырады. Тіпті колледждердіңәкімшілігі бұл процесте жемқорлық тәуекелін әдейі арттырып отырғандай әсертуындайды. Сондықтан, бұл мәселеге де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылагенттігі назар аудару керек сияқты», - деді ол.