«Біздің ойымыз – университеттерді көшіру, ол үшін білім беруді ұйымдастыру мақсатында жақсы кампустар салу», - деді Арслан Дәндібаев.
Оның айтуынша, студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуіне жағдай жасалады. Осылайша, студенттер жарты күн оқиды, жарты күн өндірісте жұмыс істей алады.
«Болашақта біз орта білім беруді дамытуға баса назар аударамыз. Бізде инженерлер, сантехниктер мен шеберлерді табу қиын», - деді ол.
Облыс басшылығы мегаполистегі өмір мен баспананың аймаққа қарағанда әлдеқайда қымбат екенін ескере отырып, жоғары оқу орындары мен колледждердің өңірге көшірілуі де оң әлеуметтік нәтиже беретініне сенімді.