Жалпы юрисдикция соттары ресми порталының мәліметінше, 23 тамызда Мәскеу қаласының Замоскворецкий соты тергеу органдарының Александр Кимді қамауға алу туралы өтінішін қарау үшін отырыс өткізді.
Сот талқысының қорытындысы бойынша, Замоскворецкий сотының судьясы Ирина Зорина өтінішті қанағаттандыру жөнінде шешім қабылдады.
РФ ҚК 238-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс жасады деп айыпталған Қазақстан азаматына (тауарлар мен өнімдерді өндіру, сақтау, тасымалдау немесе сату, қызмет көрсету, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстарды орындау) осы әрекетті жасағаны үшін бес жылға дейінгі мерзімге мәжбүрлеу жұмыстары немесе он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Сонымен қатар, сәрсенбі күні Мәскеудің су ағатын коллекторындағы адам өлімі бойынша екінші айыпталушы - жерасты экскурсияларын ұйымдастырушы Никита Дубас қамауға алынды.
Айыпталушылар 21 қазанға дейін қамауда болады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, қатысушылары хабарсыз кеткен заңсыз экскурсия 20 тамыз күні Мәскеуде өткен.
Нөсер жауын жауған кезде су күрт көтеріліп, диггерлердің қашып құтылатын мүмкіндігі болмаған.
Сегіз адам қайтыс болып, олардың денесі Неглинка өзенінен табылды.
ҚР азаматы А. Кимге қатысты қылмыстық іс Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің бақылауында.