ҚР ҰБ Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Терентьевтің айтуынша, заңды тұлғалардың бюджетке салықтық және өзге де төлемдерді, сондай-ақ қолма-қол нысанда төленуі мүмкін ерікті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеуді қоспағанда, заңды тұлғалар банк шоттарын ашқан кезде ғана төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру мүмкіндігі көзделеді.
Бұл норма сондай-ақ ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі талаптармен байланысты және бұдан басқа, көлеңкелі экономикамен және жалған кәсіпкерлікпен күресті күшейтуге бағытталған.
Сонымен бірге, Заң жобасында заңды тұлғалар арасында тек қолма-қол ақшасыз нысанда ғана 1000 АЕК-тен астам мәміле бойынша төлемдер жүргізуді көздейтін «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан қолданыстағы норма сақталған. Қолданыстағы заң жаңа заң жобасы қабылданғаннан кейін күшін жояды.
Жеке тұлғаларға қатысты айтатын болсақ, Заң жобасының нұсқасы оларға қатысты қолма-қол ақшаны пайдалануға қандай да бір шектеулер не төлемдерді жүзеге асырудың өзге тәсілдерін енгізуді көздемейді. Жеке тұлғалар тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуда қажеттілікті қанағаттандырған кезде қолма-қол, сол сияқты қолма-қол ақшасыз қаражатты таңдауда және пайдалануда ерікті.
Еске сала кетсек, Үкіметтің Парламентінің қарауына енгізген бұл Заң жобасының таныстырылымы бүгін, 7 сәуірде Мәжілісте өтті.