Колорадо штатындағы бақта алып өсімдік тұңғыш рет гүлдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Колорадо штатындағы Ботаникалық Денвер бағында титаникалық аморфофаллус гүлдеді.Осынау аса биік тропикалық өсімдік 2007 жылдан бері алғаш рет гүлдеп, осында келген барша жанды көз қуанышына айналды.

Үлкендігімен де, әсемдігімен де көздің жауын алған алып гүлді көру үшін мыңдаған адамдар келді, деп хабарлайды epochtimes.ru.

Тропикалық өсімдіктің диаметрі 1,2 метрге жетеді. Бір қызығы, ол тұңғыш рет шамамен 8-20 жыл аралығында ғана гүл ашады. Яғни, 40 жылдан кейін солатын гүл бірнеше рет гүлдейді.