Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, бұл сирек кездесетін бейнежазба — қоңыр аюлардың ұлттық парк аумағында әлі де мекендейтінін дәлелдейді және табиғи ортаның тұрақтылығын көрсетеді.
— Аталған дерек табиғатты қорғау бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігінің маңызды айғағы. Жабайы жануарларды бақылау жұмыстары жалғасады, — делінген комитет жазбасында.
Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында фототұзаққа сирек кездесетін қар барысы түсіп қалғанын жазғанбыз.