«Көлсай көлдерінде» таутекелер бейнежазбаға түсіп қалды

АСТАНА.KAZINFORM - «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде кезекті қызметтік бақылау кезінде таутекелер кездесті.

Фото: видеодан алынған скрин

Бейнежазбаға тау бөктерімен еркін қозғалып жүрген бірнеше таутеке түскен. Олар біраз уақыт мамандардың назарында болып, кейін өз бағытымен қозғалысын жалғастырды.

Таутекелер үшін биік таулы, жартасты аумақтар — қалыпты мекен. Осындай кадрлар ұлттық парк аумағында мекендейтін жануарларды табиғи ортасында көруге мүмкіндік береді.

Назарларыңызға «Көлсай көлдері» ұлттық паркінен түсірілген бейнекадрларды ұсынамыз.

Айта кетейік, шарын паркінде ерекше түсті қарақұйрық видеоға түсіп қалды.