Көлсай ұлттық паркінде қоңыр аю байқалды

АСТАНА. KAZINFORM — Көлсай табиғатында қоңыр аюдың сирек кадры түсірілді.

Фото: видеодан алынған скрин

Көлсай көлдерінің жабайы табиғатынан тағы бір әсерлі кадр түсірілді.

Аң санағы кезінде қоңыр аю бейнежазбаға түсті. Орман арасымен еркін жүрген аңның бұл сәті ұлттық парк табиғатының біз көре бермейтін бір көрінісін көрсетеді.

Қоңыр аю — Көлсай көлдері аумағын мекендейтін жабайы жануарлардың бірі. Ал осындай кадрлар табиғи ортадағы тіршіліктің өз ырғағымен жалғасып жатқанын көрсетеді.

Айта кетелік Марқакөлде құстарды санап жүрген мамандар аюды кездестірген еді