«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жабайы жануарларды бақылау мақсатында орнатылған бейнетұзақтардың біріне ҚР Қызыл кітабына енгізілген қар барысы тағы да байқалды.
– Бұл сирек кездесетін бейнежазба — қар барысының ұлттық парк аумағында әлі де мекендейтінін дәлелдейді және табиғи ортаның тұрақтылығын көрсетеді. Жабайы жануарларды бақылау жұмыстары жалғасып жатыр, – деп хабарлады «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен.
Еске салайық, аталған жыртқыштар былтыр қазан айында да бой көрсеткен болатын.
Айта кетейік,Қазақстан аумағында тіршілік ететін ілбістердің саны жылына 5-6 басқа көбейіп келеді.