Видеода жағада жатқан пілдің мүрдесі үшін бірнеше арыстанмен шайқасқа түскен қолтырауын көрсетілген.
Айқас небәрі бірнеше минутқа созылған. Есесіне сол уақыттың ішінде қарсыластар бір-бірлеріне үлкен жарақаттар салып үлгерді. Күшімен де, санымен де асып түсетін қарсыластарынан азықты тартып ала алмағанын түсінгендей, қолтырауын ақыры суға кіріп кетті.