Бұл туралы АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет Панамада өткен Америка елдерінің есірткі картельдеріне қарсы күрес коалициясының (Americas Counter-Cartel Coalition) отырысында мәлімдеді.
Коалиция АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған. Оған аймақтағы 19 мемлекет, соның ішінде Аргентина, Сальвадор, Эквадор және Гондурас кіреді.
Боготаның бұл шешімі Колумбияның қауіпсіздік саясатына елеулі өзгеріс енгізеді. Ел бұрынғы президент Густаво Петро тұсында жүргізілген «тоталды бейбітшілік» саясатынан біртіндеп бас тартып, есірткі саудасымен күрестің қатаң әдістеріне көшіп жатыр.
Бұған дейін АҚШ Колумбияның жаңа президентіне есірткі картельдеріне қарсы күреске 1 млрд доллар бөлетіні хабарланған болатын.
Еске салайық, Колумбияның Ұлттық сайлау кеңесі (CNE) 21 маусымда өткен президент сайлауының қорытындысы бойынша оңшыл кандидат Абелардо де ла Эсприельяны жеңімпаз деп ресми жариялаған еді.