Институтта індетті жұқтырушылардың арасында екі мыңнан астам екіқабат әйелдер бар екенін нақтылады, деп хабарлады Франс Пресс агенттігі.
Зика безгегі - маймылдардың жіті инфекциялық ауруы, ол кейде масалар арқылы адамдарға жұғады. Вирус әсіресе екіқабат әйелдерге қауіпті, өйткені іштегі нәрестенің миына ауыр зақым келтіруі мүмкін.
2016 жылғы 27 қаңтарда осы індет әлемнің Солтүстікамерикандық, Оңтүстікамерикандық және Азия-Тынық мұхит аймақтарының 27 елінде тіркелген: Барбадос, Боливия, Бразилия, Кабо-Верде, Колумбия, Эквадор, Сальвадор, Фиджи, Француздық Гвиана, Гваделупа, Гватемала, Гайана, Гаити, Гондурас, Мальдив, Мартиника, Мексика, Жаңа Каледония, Панама, Парагвай, Пуэрто-Рико, Сен-Мартен, Самоа, Соломон аралдары, Суринам, Таиланд, Венесуэла.