Колумбия басшысы бұл туралы Трамппен телефон арқылы сөйлескеннен кейін X әлеуметтік желісінде мәлімдеді.
Де ла Эсприэльяның айтуынша, баж салығын уақытша тоқтату жер сілкінісінің салдарынан қиын жағдайға тап болған кәсіпкерлерді қолдау үшін қажет.
Колумбия президенті АҚШ-қа қаржылай қолдау мен гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Трампқа алғыс білдірді. Өз кезегінде АҚШ президенті қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Колумбия халқына қолдау білдірді.
— Бүгін Колумбия мен АҚШ арасындағы одақ елді қалпына келтіру үшін бұрынғыдан да маңызды, — деді Абелардо де ла Эсприэлья.
Айта кетейік, Колумбия билігі 10 тамызда болған магнитудасы 7,4 жер сілкінісінен кейін елде үш күндік ұлттық аза тұту жариялады.