Колумбия президенті ел халқын суды үнемдеуге шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантос сенбі күні құрғақшылыққа ұрындыратын климаттық 'Эль-Ниньо' атауына ие болған аптап ыстықтың жақындауына орай ел халқын суды және электр энергиясын үнемдеуге шақырды.

«Мен колумбиялықтан су мен энергияны үнемдеу үшін бар мүмкіндікті пайдалануды өтінемін. Табиғат құбылысына төтеп беруде бұл өте маңызды болмақ»,-деген Сантостың сөзін келтіреді Notimex агенттігі.

Мемлекет басшысының айтуынша, билік тарапынан "Эль-Ниньоның" зардабын азайту бағытында бар мүмкіндік қарастырылып жатыр. Күтіліп отырған құрғақшылық бірнеше айға созылуы мүмкін.

Еске сала кетсек, 1997-1998 және 1982-1983 жылдары «Эль-Ниньо» күш алған кезде мұхиттың жоғары жағындағы температура 28 градусқа жетіп, Эквадордың шығысында және Перудің солтүстігінде су тасқыны болды, ал көрші аудандарда құрғақшылық орын алды.