Жарты ғасырдан астам уақытқа созылған қақтығысқа шек қоятын құжатты келесі аптада Колумбия конгресі ратификациялауы тиіс. Оған сәйкес көтерілісшілер қаруын тастап, саяси партия құрады. Негізі тараптар қыркүйектің аяғында осындай бейбіт келісімді бекіткен болатын.
Алайда артынша өткізілген референдумда халықтың басым бөлігі оған қарсы дауыс берген. Тұрғындар талай адамды жер жастандырған бүлікшілерді жазаға тартуды талап етіп, ереуілдер ұйымдастырған.
Айта кеткен жөн, Колумбиядағы азаматтық соғыс 1964 жылы басталған болатын. Текетірестер кесірінен 200 мыңнан астам адам қаза тауып, тағы 6 миллионға жуық тұрғын үйлерін тастап, босып кетті.