Әскери-теңіз күштерінің мәліметінше, 15 адам құтқарылды, оның алтауы — кәмелетке толмағандар.
Қайық Сан-Андрес пен Провиденсия курорт аралдарының жанында, Колумбия мен Никарагуа шекарасына жақын жерде батып кетті.
Әскерилердің басылымға хабарлауынша, әскери-теңіз күштері мен әуе күштері іздеу-құтқару операциясын жүргізіп жатыр.
«Құтқарылған ересектер — Колумбия, Эквадор, Иран, Никарагуа, Қазақстан және Венесуэладан» деп қосты олар.
Аман қалғандар арасында кәмелетке толмаған Қазақстаннан екі азамат бар, үшеуі Венесуэладан.
Колумбияның мәлімдеуінше, мигранттар Орталық Америка арқылы солтүстікке және ақыр соңы Мексика мен АҚШ шекарасына бет алғанда Колумбия мен Панама арасындағы Дарьен саңылауындағы қауіпті өткелден аулақ жүру үшін Сан-Андрес пен Никарагуа арасындағы жасырын жолды жиі пайдаланып жүр.
Kazinform түсінік алу үшін ҚР СІМ-не жүгінді.
«Бізге ондай ресми ақпарат түскен жоқ» деп жауап қатты Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы.