АСТАНА. ҚазАқпарат - Колубия жағалауында 300 жыл бұрын суға батып кеткен испаниялықтардың кемесі табылды. Оның ішінде асыл тас, алтын, күміс монеталар салынған сандық болған деген болжам бар. Бұл туралы Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантос мәлімдемесіне сілтеме жасап «Reuters» агенттігі хабарлады.
Егжей-тежейлі ақпарат сенбі Картахенде баспасөз конференциясында беріледі, деп хабарлады ТАСС.
Хабарламада атап өтілгендей, «Сан-Хосе» кемесі 1708 жылы Картахен қаласының маңындағы Кариб теңізінде батып кеткен. Кеме Испанияның тақмұрагерлігіне соғыс кезінде король Филипп V флотына тиесілі болған.