Колумбияда 150 турист мінген кеме суға батып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбияның солтүстік-батысында орналасқан Пеноль су қоймасында 150 турист мінген кеме суға батып кетті.

Келеңсіз жағдай 25 маусым, жексенбі күні болды.  Оқиа орнында құтқару шаралары жүріп жатыр. Бұған елдің әскери-әуе қүштерінің тіқұшақтары тартылды. Апат салдарынан тоғыз адамның қаза тапқаны хабарланды.