Зика безгегі жұққандардың 9511-і - жүкті әйел. Бұл мәліметті сенбі күні Колумбияның Денсаулық сақтау ұлттық институты жария етті.
«28 ақпан мен 5 наурыз аралығында 3702 адам Зика безгегін жұқтырды. Оның 2259-ы - алғаш рет жұқтырғандар, 1443-і - бұрын жұқтырып, түрлі себептермен тіркелмей жүргендер. Осылайша Колумбияда 2015 жылдың қазан айынан бері 51 473 адам Зика вирусын жұқтырған», делінген хабарламада.