Оқиға бейсенбі күні күндіз Некокли муниципалитетінде (солтүстік-батыстағы Антьокия департаменті) орын алған. Фургон өзеннен аспалы көпір арқылы өтпекке әрекеттенген. Алайда көпір көліктің салмағына төзе алмай, опырылып түскен. Оқыс оқиға салдарынан бес адам мерт болды.
Билік келеңсіз жағдайды тергеу амалдарына кірісті.