Жол апаты №45 ұлттық тасжолда болған. Автобус Флоренсия қаласынан ел астанасы Боготаға қарай бағыт алған.
Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар арасында екі бала бар. Қазір билік құрбандардың нақты санын анықтап, көз жұмған адамдардың жеке басын сәйкестендіріп жатыр.
Оқиға орнына жол полициясының қызметкерлері, өрт сөндірушілер және тасжолға қызмет көрсететін компанияның мамандары жеткен. Олар құтқару және шұғыл көмек көрсету жұмыстарын үйлестірді.
Жарақат алғандар жақын маңдағы Нейва қаласының ауруханаларына жеткізілді.
Қазір билік жол апатының себептерін тергеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші рөлде отырып, қысқа уақытқа ұйықтап кеткен болуы мүмкін. Соның салдарынан автобус тізгінге бағынбай, аударылған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Иранда жұмысшылар мінген автобус аударылып, 12 адам қаза тапқанын жаздық.
Сондай-ақ Үндістанда шағын автобус жүк көлігімен соқтығысып, 26 адам көз жұмды.