Колумбияда болған көшкін оннан астам адамның өмірін қиды

None
АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Колумбия астанасы Богата қаласының солтүстігінен 135 шақырым жерде болған көшкіннен үш баланы қоса алғанда, кем дегенде 11 адам көз жұмды, деп хабарлайды Колумбияның RCN радиосына сілтеме жасай отырып РИА жаңалықтар агенттігі.

«Жұма күні қатты жаңбырдан кейін Сантандер департаментіндегі Флориан қаласының тау етегінде орналасқан үш үйді лай көшкіні шайып өткен. Көшкін астында қалған бір тұрғын үйде 13 адамнан тұратын отбасы қалып қойып, тек екі адамды ғана аман алып қалу мүмкін болды. Қаза тапқандардың үшеуі бала», - деп мәлім етті радиода жергілікті полиция лейтенанты Рикардо Санчес Хименес.

Оның атап өткеніндей, қаза тапқандардың саны артуы мүмкін, себебі бірнеше адам із-түссіз жоғалғандар қатарында.