Колумбияда бомба жарылып, екі адам қаза тауып, 24 адам жарақаттанды

Фото: Фото: Анадолы

АСТАНА. KAZINFORM – Колумбияның қорғаныс министрі Педро Санчес Суарес әлеуметтік желіде шабуылды FARC-пен байланысы бар оппозициялық топтар жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы Анадолы хабарлады. 

Колумбияның оңтүстігінде орналасқан полиция бөлімшесінде болған бомба жарылысы салдарынан екі адам қаза тауып, 24 адам жарақат алды.

Билік өкілдерінің хабарлауынша, жарылыс Уила әкімшілік аймағындағы Ла-Плата қаласында болған. Полиция бөлімшесінің алдына қойылған мотоциклге орнатылған қолдан жасалған жарылғыш зат іске қосылған.

Оқиғадан кейін аймаққа әскери күштер жіберілді.

Колумбияның қорғаныс министрі Педро Санчес Суарес әлеуметтік желідегі парақшасында бұл шабуылды бұрынғы Колумбия революциялық қарулы күштерімен (FARC) байланысы бар оппозициялық топ жасағанын мәлімдеді.

Суарес бұл әрекеттің жазасыз қалмайтынын атап өтті.

— FARC диссиденттерінің әрекеттері есірткі саудасы мен терроризмнің айқын көрінісі. 2016 жылғы бейбіт келісімге қарсы шыққан бұл топ әйелдерді өлтіріп, балаларды өз қатарларына тартып, халықты қорқыту арқылы толық бейбітшілікке қарсы екендерін тағы да дәлелдеді, — деді ол.

Уила штатының губернаторы Родриго Вильяльба да әлеуметтік желісіндегі жазбасында шабуылды айыптап, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Айта кетелік анклавта екі күн ішінде 90-нан астам адам қаза тапты