«Жедел тапсырмаларды орындап, Кибдо-Толемаида бағытында келе жатқан Колумбия Ұлттық Армиясының Ми-17 тікұшағы соңғы рет байланысқа Толимис департаментінің солтүстік жағындағы Маркита елді мекенінен 35 миль жерден шыққан болатын», - деп колумбиялық әскерилер мәлімдеді.
Қазіргі таңда жоғалған тікұшақты іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр деп РИА Новости хабарлайды.
Апаттың неден болған себебі әзірге белгісіз. Телеарналардың хабарлауынша тікұшақпен байланыс жоғалған жерде жойқын нөсер болған екен.