Осылайша Хуан Мануэль Сантос Кальдерон ел президенті болып сайланды. Ал вице-президент болып Херман Варгас Льерас тағайындалды.
Айта кетейік, елде 15 маусымда сайлаудың екінші кезеңі өткен болатын. Саяси додаға 33 млн. тұрғын қатысты. Елде жарты ғасырдан бері келе жатқан «Колумбияның көтерілісшіл қарулы күштері» қозғалысы уақытша бітімге келгендіктен сайлау тыныш өтті.