Жолаушылардан бөлек лайнер портында 9 экипаж мүшесі болған.
Ла-Сеха қаласының мэрі Элкин Оспина Франс-Пресс агенттігіне берген сұхбатында ұшақтың жанармайы жетпей қалып, Медельин маңына құлағанын хабарлады.
Құтқарушылардың хабарлауынша, апатқа ұшыраған лайнерден ең кемі 13 адам аман-есен шықты.
Зардап шеккендер арасында "Шапекоэнсенің" төрт футболшысы бар, оның арасында қорғаушы Алан Рушел мен қақпашы Маркос Данило бар. Ойыншылар ауруханаға жеткізілді.
Футболшылар Колумбияның Медельин қаласына "Атлетико Насьональ" клубына қарсы Оңтүстік Америка кубогының ақтық матчына қатысу үшін бара жатқан.