РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Жолда бірінші жер опырылып шұңқыр пайда болған, арнайы техника оны тегістемек болғанда лай көшкіні жүріп откен. Із-түзсіз жоғалғандар негізінен көліктерінде жол жұмыстарының аяқталуын күтіп отырған адамдар. Қазіргі кезде оқиға орнында құтқарушылар оларды үйінділер астынан шығару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
09:45, 10 Маусым 2016
Колумбияда лай көшкінінен бес адам қаза тауып, 30 адамға іздеу жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбияда лай көшкіні салдарынан бес адам қаза тауып, 30 адамға іздеу жарияланды. Мексиканың Televisa арнасы қайғылы оқиға бейсенбі күні кешке Кибдо және Медельин қалаларының арасындағы күре жолда орын алғанын хабарлады.