«Қазіргі уақытта Кальдас департаментінің Неира муниципалитетінде орналасқан алтын өндіретін шахтадағы апатқа байланысты шұғыл көмек көрсету бойынша хаттама іске қосылды. Біздегі дерек бойынша, 15 кеншіден әлі хабар жоқ»,- деп жазды ол өзінің Twitter парақшасында.
El Espectador газетінің мәліметі бойынша, шахтадағы апат көшкін салдарынан болған. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде.