Адамдарды ұрлаумен күресу үшін Колумбияның Қорғаныс министрлігінің аясында құрылған аталмыш қордың мәліметі бойынша ағымдағы жылы қылмыскерлер мен солшыл радикалды топтардың тұтқындарына ел азаматтарымен қоса, АҚШ, Швеция, Жапония азаматтары түскен.
Адам ұрлаумен айналысатындардың қатарында қылмыстық топтармен қатар, Колумбияның Революциялық қарулы күштері мен Ұлттық азат ету армиясы да бар. Революциялық қарулы күштері ағымдағы жылдың тек бірінші жартысында құн сұрау мақсатында және саяси уәждер бойыша 35 колумбиялық және шетелдік азаматтарды тұтқынға алған. Ал Ұлттық азат ету армиясының есебінде -32 адам бар.
Айта кету керек, Колумбия соңғы 40 жыл бойы ішкі қарулы қақтығыстардан көз ашпай отыр. Дегенмен, арнайы жасақтар мен қорғаныс министрлігі бөлімдерінің тиімді іс-әрекеттерінің арқасында соңғы жылдары мұндай қылмыстардың саны күрт азаюда. Ресми мәліметтерге сүйенсек, егер 2000 жылы қылмыстық топтар мен заңсыз қарулы құрылымдардың тұтқынында 3 мың 572 адам болса, былтыр 213 адам ғана ұрланған.