Колумбияда су тасқынынан 127 адам ажал құшты
05:35, 02 Сәуір 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбияның Путумайо департаменті Мокоа муниципалитетінде өзендердің тасуынан 127 адам ажал құшты. Бұл туралы Синьхуа агенттігі Халықаралық Қызыл крес ұйымына сілтемемен хабарлады.
Бұған дейін Associated Press Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантостың мәлімдемесіне сүйене отырып, апаттан 112 адамның көз жұмғанын хабарлаған еді.
Нөсер жауын салдарынан өзендер арнасынан асып, тасып жатыр. Судың көп бөлігі таңсәріден тұрғын үйлерді шайып, адамдардың өмірін тосыннан қиып кеткен. Муниципалитеттегі көптеген көпір қираған. Көліктер де асау толқындардың жалында кете барған.
Ел президенті қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айта отырып, құтқарушылар мен қарулы күштерге жапа шеккендерге шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.