Бұған дейін Associated Press Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантостың мәлімдемесіне сүйене отырып, апаттан 112 адамның көз жұмғанын хабарлаған еді.
Нөсер жауын салдарынан өзендер арнасынан асып, тасып жатыр. Судың көп бөлігі таңсәріден тұрғын үйлерді шайып, адамдардың өмірін тосыннан қиып кеткен. Муниципалитеттегі көптеген көпір қираған. Көліктер де асау толқындардың жалында кете барған.
Ел президенті қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айта отырып, құтқарушылар мен қарулы күштерге жапа шеккендерге шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.