Тағы екі адамның жағдайы ауыр, оларға тиісті көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлады Ассошиэйтед пресс.
Тікұшақ есірткі жасаушылардың көшбасшыларының бірі Усаганы ұстау операциясына қатысып жатқан. Даиро Отониель Усаганы ұстаған адамға американдық билік бес миллион доллар көлемінде сыйақы тағайындаған.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, тікұшақтың құлауына техникалық ақаулық себеп болған.
Еске салайық, өткен аптада колумбиялық ӘӘК 11 қызметкері Кариб жағалауында тікұшақтың құлауы салдарынан ажал құшты.