Колумбияда жанартау атқылауы салдарынан көз жазып қалған апалы-сіңлілер 30 жылдан кейін табысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбияда апалы-сіңлілі Жаклин (Jaqueline) мен Лорена Санчес (Lorena Sanchez) олардың туған қаласы Армеро Невадо-дель-Руис жанартауының атқылауы салдарынан қирағаннан кейін 30 жыл өткен соң қайта табысты. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Оларды әр отбасы асырап алған болатын, сондықтан да бір-бірінің қайта тұратынын біле алмады.

Колумбиялық қыздар Лореннің тірі қалған отбасы мүшелері туралы қандайда болса, бір хабарын беру жөнінде жариялаған бейнематериалын Жаклин көргеннен кейін табысты. Армеродағы қайғылы оқиғаның құрбандарын іздеу науқаны аясында ДНК-тестіден өткеннен кейін олардың туыстығы анықталды.

Қазіргі кезде олар отбасының басқа мүшелерін әлі тапқан жоқ.

Невадо-дель-Руис жанартауының атқылауы 1985 жылғы 13 қарашада болды. Жанартаудың күл араласқан лас ағындары тау шыңдарындағы мұз жамылғысын ерітіп, ыстық лава түзіп, жанартаудан 46 шақырым жердегі Армеро қаласын толық жойып жіберді. Қаланың 29 мың тұрғынының 20 мыңнан астамы қазаға ұшырады.