«Кальдас департаменті Неира муниципалитетінде орналасқан шахтада жер астында қалып қойған 11 кеншінің өлімі біз үшін үлкен қайғы», - делінген ведомствоның Twitter -де жарияланған хабарламасында.
Агенттік басшысы Хуан Мигель Дуран өз Twitter -інде қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.
Шахтадағы апат 26 наурыз күні болды. Оның себебі – қар көшкінінің жүруі.