Газеттің хабарлауынша, оқыс оқиға жергілікті уақытпен кеше түс қайта Боготаның солтүстігінде орналасқан педагогикалық университетте болған. Университет алдында өткен наразылық акциясы кезінде ғимараттың ішінде жарылыс болған. Оқиға салдарынан бес адам ауыр жараланды. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілген.
Қала билігі және университет басшылығы оқиғаны тексеруге кірісті. Қолда бар деректерге қарағанда, ғимаратта қолдан жасалған жарылғыш зат қопарылған.