Колумбиялық әскерилер 4 тонна кокаин тиелген кемені ұстады

Фото: Report

АСТАНА. KAZINFORM — Колумбия маңындағы теңізде үлкен көлемде кокаин тиелген кеме ұсталды, деп хабарлайды Report

Бұл туралы Колумбия президенті Густаво Петро әлеуметтік желіде хабарлады.

— Олар осы жерден 10 миллион доза кокаинді тұтынушы елдерге қайта бағыттауға тырысты, — деп жазды ол. 

Петроның айтуынша, Картахена маңындағы теңіз және әуе күштерінің операциясы нәтижесінде 4 тонна кокаин тәркіленген.

Айта кетейік, БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (UNODC) мәліметінше, Колумбия әлемдегі ең ірі кокаин өндіруші ел. Мұнда 2023 жылы есірткінің негізгі қоспасы кока жапырақтарын өсіру рекордтық деңгейге жеткен.

Еске салайық, Дональд Трамп былтыр қазан айында Колумбияға қаржылай көмектің тоқтағанын хабарлады.

Ал қараша айында Колумбия АҚШ-пен ынтымақтастығын тоқтатты. Колумбия президенті Густаво Петро өз елінің қауіпсіздік күштеріне АҚШ-пен барлау деректерімен алмасуды тоқтатуға бұйрық берді.