Колумбиялық азамат Жер бетіндегі ең кішкентай адам ретінде Гиннестің Рекордтар кітабына енді

None
АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Колумбиялық Эдвард Нино Эрнандес Жер бетіндегі ең кішкентай адам ретінде Гиннестің Рекордтар кітабына еніп отыр. Оның бойы 70 см шамасында, ал салмағы небәрі - 10 келі ғана.

Нино - отбасының ең үлкен баласы. Эрнандестің анасының айтуынша, оның бойы 2 жастан кейін өспей қалған. Дәрігерлер оған диагноз қоя алмаған. Дүниеге келгенінде бойы - 38 см, салмағы небәрі 1,5 келі болған Ниноны 3 жасқа дейін Колумбия Ұлттық университетінің ғалымдары зерттеген. Бірақ ешқандай ауытқушылық таба алмаған.

«Ешкімге ұқсамайтындығыма бақыттымын», - деп мәлім етті Нино «Ассошиейтед Пресс» агенттігіне берген сұхбатында.

Бүгінде 24 жасқа келген жігіттің, бойы болмаса, айналасындағылардан ешқандай айырмасы жоқ. Ол билегенді жақсы көреді, « Мерседес-Бенц» автокөлігін алғысы келеді, дүниежүзін аралауды және Джеки Чанмен, Сильвестр Сталлонемен және Колумбияның экс-президенті Альваро Урибемен танысуды арман етеді. Эрнандес өте көпшіл. Ол сондай-ақ, домино және дойбы ойнағанды жақсы көреді.

Бірақ та, оның анасының айтуынша, үйде үнемі жалғыз отыру Ниноны қатты уайымдатады.