Колумбиялық полицейлер табыттан 300 келі есірткі тауып алды
16:04, 29 Тамыз 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Колумбиялық құқық қорғаушылар табыттың ішіне тығылған салмағы 300 келі есірткі тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.
«Есірткі екі табыт салынған катафалкіні тексергеннен кейін алынды. Олардың біреуінен 300 келі каннабис табылды», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, полиция жүргізушіні бірден қамауға алған.
Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.