1493 жылы Америка жағалауына жүзуден оралған кезде Колумб экспедицияны қаржыландырған Испания королі мен ханшайымына хат жазды. Хатта ол Эспаньола мен Куба түбектеріндегі жануарлар әлемі, өсімдіктер әлемі, сол жердің халқынан алған әсерімен бөліскен. Қазіргі сәтте хаттың 30-ға жуық көшірмесі сақталған.
Италияға қайтарылған хат Флоренциядағы Рикардианский кітапханасында сақталып келген. Кітапхана директорының айтуынша, 1950-51 жылдары жасалған хатты біреулер ұрлап, оның орнына жасанды көшірмені алмастырып кеткен.
1990 жылы ұрланған хатты Швейцариядағы сирек кітаптарды жинаушы сатып алады, 1992 жылы құжат аукционда сатылып, 2004 жылы иесі оны Вашингтондағы Конгресс кітапханасына сыйлаған.
2012 жылы АҚШ Әділет департаментіне Колумб хатының ұрланғаны туралы құпия мәлімет келіп түсті. Сарапшылар хаттағы Рикардианский кітапханасының мөрін жою үшін ұры химиялық реагентті пайдаланғанын анықтады. Хатты АҚШ-қа кімнің әкелгені белгісіз. Қазір осы оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.