Ақсай шағынауданының тұрғындарын қ олына пистолет ұстаған ер адам шошытқан. Олар бірден «102» телефон номеріне қоңырау шалған.
«Ұсталған күдікті қару пневматикалық екенін және қоршаған ортаға қауіпті емес екендігін айтып, ақталмақ болды», - деді Алматы қалалық Полиция департаментінен.
Ведомстводан мәлім еткендей, шұғыл-тергеу тобы қару мен пышақты процессуалды тәртіпте тәркіледі.
Олардың қайдан алынғаны тексерілуде.