Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Құрылыс басқармасынан хабарлады.
«Қазіргі уақытта жалпы ауданы 11,9 мың шаршы метр 272 пәтерлік «Брусиловский, Иманов және Жұбанов көшелерінің қиылысындағы тұрғын үй кешенін салу» нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Нысанның құрылысы 2015 жылы аяқталады», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, бүгінде 2014 жылы салынатын 4 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің жобалық-сметалық құжаттамасы түзетіліп жатыр. Атап айтқанда, Астана қаласы Сарайшық көшесінің оңтүстігінде Жұмабаев көшесінің шығысында орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй кешені (лот №12), Астана қаласы Сарайшық көшесінің оңтүстігінде Жұмабаев көшесінің шығысында орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй кешені (лот №13), Астана қаласы Сарайшық көшесінің оңтүстігінде Жұмабаев көшесінің шығысында орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй кешені (лот №14), Астана қаласы Сарайшық көшесінің оңтүстігінде Жұмабаев көшесінің шығысында орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй кешені (лот №15).
Бұдан басқа, «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында жалпы ауданы 62,9 мың шаршы метрлік 1 156 пәтер салынып жатыр. Оларды 2014 жылы аяқтау көзделген. Соның ішінде, Сауран және №24 көшенің қиылысындағы жалпы ауданы 10,9 мың шаршы метр көп пәтерлі тұрғын үй кешені (пайдалануға беру мерзімі - 2014 жыл, шілде), жалпы ауданы 9,7 мың шаршы метр 198 пәтерлік Сейфуллин және Бейсекова көшелерінің қиылысындағы көп пәтерлі тұрғын үй кешені (пайдалануға беру мерзімі - 2014 жыл, шілде), Айнакөл көшесінің бойындағы Жұмабаев пен Қордай көшелерінің арасындағы жалпы ауданы 14 мың шаршы метр 243 пәтерлік тұрғын үй кешені (пайдалануға беру мерзімі - 2014 жыл, шілде), Айнакөл көшесінің бойындағы Жұмабаев пен Қордай көшелерінің арасындағы жалпы ауданы 14 мың шаршы метр 243 пәтерлік тұрғын үй кешені (лот №2,) (пайдалануға беру мерзімі - 2014 жыл, сәуір), Айнакөл көшесінің бойындағы Жұмабаев пен Қордай көшелерінің арасындағы жалпы ауданы 14,3 мың шаршы метр 230 пәтерлік тұрғын үй кешені (лот №3) (пайдалануға беру мерзімі - 2014 жыл, шілде).