деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі.
Өтініш 2013 жылдың 18 ақпаны мен 18 сәуірі аралығында қабылданады. Атап айтқанда, Айнакөл көшесінің бойында орналасқан көппәтерлі тұрғын үй кешенінен баспана сатып алуға өтініштер қабылданады. Бұл кешенде 1, 2, 3 және 4 бөлмелі 716 пәтер бар. Аудандары 35,64 шаршыметр мен 97,4 шаршыметрдің аралығын қамтитын пәтерлердің бағасы - 142 500 теңге/шаршы метр.
Банк Сейфуллин және Бейсеков көшелерінің қиылысында орналасқан көппәтерлі тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алушылардың пулын да жасақтауда. Бұл кешенде 1,2,3 және 4 бөлмелі 198 пәтер бар, аудандары 35,57 шаршыметр мен 87,83 шаршыметрдің аралығында, бағасы - 142 500 теңге/шаршы метр.
Сондай-ақ, Ғ.Мүсірепов көшесі, Ш.Құдайберді даңғылы және Ғ.Мұстафин көшесі орамында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйден пәтерлер сатып алуға өтініштер қабылданады. Онда 35,57 шаршыметр мен 87,35 шаршыметрдің аралығындағы 99 пәтер бар, бағасы -142 500 теңге/шаршы метр.
Аталмыш үш тұрғын үй кешендерінің құрылыстарын 2013 жылдың қараша айында аяқтау жоспарлануда.
«Нысандардың құрылыстары бойынша толыққанды мәлімет алғыларыңыз келсе және өтініш бергілеріңіз келсе, мына мекен-жайға хабарласыңыздар: Астана, Сығанақ көшесі, 29, ВП-3, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ-ның орталық филиалы». - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.