13:16, 04 Қараша 2013
«Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасына азаматтар қол жеткізе алмай отыр - Мәжіліс депутаты
АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасына көптеген азаматтар қол жеткізе алмай отыр.
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Солевьева айтты. «Қолжетімді баспана -2020» бағдарламасы 9 бағытта қолға алынғанын айта келе: «Дегенмен, іс жүзінде оның бірде-бірі табысы орташа азамат пәтерге, кез келген елде әрбір азамат қол жеткізе алатын шаршы метрге ие болу мақсатына жеткізген жоқ», - деді А.Соловьева. Естеріңізге сала кетейік, 11 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жүзеге асыру көп реніш тудырып отырғанына тоқталып өткен еді. Төлем қабілетінің кемдігіне байланысты оған көптеген отбасылар қатыса алмауда. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің» басшылары мен олардың туыстарының Бағдарлама аясында жеңілдік қарастырылған бағамен пәтер алу фактілеріне де назар аударған болатын.