«Аталған бағыт бойынша Бағдарламаға Қазақстан Республикасының немесе оралман мәртебесі бар азаматтар, не болмаса бір баласы бар адамдар қатыса алады. Ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы 29-дан аспау керек», - деді Астана қаласының Тұрғын үй басқармасының басшысы Серік Оспанов «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығында өткен брифингте. Оспановтың айтуынша, биыл бағдарлама бойынша 672 пәтер беріледі, соның ішінде 1 бөлмелі 134 (40 шаршы м дейін), 2 бөлмелі 380 (60 шаршы м дейін) және 3 бөлмелі 158 пәтер (80 шаршы м дейін). Арендалық тұрғын үй Тілендиев даңғылы мен Сарайшық көшесінің оңтүстігіне қарай орналасқан және жыл соңына дейін тапсырылады. 8 жыл өткен соң жас отбасылар пәтерді сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Бағдарламаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, жас отбасы кемінде екі жыл некеде тұрған және Астана қаласында кемінде екі жыл тіркелімі болуы тиіс. Қатысушылар жинаған балдар бойынша іріктеледі. Құжаттар төмендегі мекенжайлар бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қабылданады: Достық көшесі, 13 үй, Бөгенбай даңғылы, 23 үй; Сәтбаев көшесі, 25 үй.
09:53, 23 Мамыр 2014
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына жас отбасыларға қатысты өзгерістер енгізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайын «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тапсыруға жарты жыл қалғанда жас отбасылардан құжаттарды қабылдау мерзімі жарияланады. Биыл құжаттарды 2-14 маусым аралығында тапсыруға болады. Сондықтан оларды қазірден бастап жинау керек, деп хабарлайды astana.gov.kz.