бюджет туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
Министрдің айтуынша, талқылауға ұсынылып отырған 2012 жылдың бюджет жобасында «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын іске асыруға 36 млрд. теңге жұмсау жоспарланып отыр. Бұл ретте инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға 11 млрд, ал тұрғын үйлерді салуға 25 млрд. теңге көзделеді.
«Қолжетімді баспананы қамтамасыз ететін бағдарлама әлі де пысықтала түседі. Өйткені бұл бағытта жас отбасылар үшін компоненттер қаралатыны көзделіп отыр. Ал бюджетте дәл осы санатқа, яғни жас отбасыларға арналған баспана үшін 15 млрд. теңге қарастырылған», - дейді Б. Жәмішев.