Бұл туралы ҚТҚЖБ басқарушы директоры Мұрат Шәріпов мәлім етті, деп хабарлады Primeminister.kz.
«Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдармен жас отбасыларға арналған 3,5 мың пәтер болатын 62 тұрғын үйдің құрылысына келісімдер жасалған», - деді М.Шәріпов.
Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда қаржыландырылған нысандардың әлі жоқ екенін атап өтті. «Меніңше, әлі ерте. Жыл соңына қарай сәйкес нәтижелер болады және жас отбасылар үйлерді жалға ала бастайды», - деп есептейді ол.
Оған қоса, М.Шәріпов әр өңірдегі жағдай әр түрлі екенін түсіндірді. «Кейбіреулері үйді тапсыруға дайындалып жатыр, ал біреулері құжаттарды рәсімдеп, жас отбасылар арасында конкурс өткізуде», - деп толықтырды басқарушы директор.
Ұпайларды есептеу және кезекті қалыптастыруды әкімдіктер жүзеге асыратыны белгілі, ал банктің міндеті төлем қабілеттілігін растау, сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жинақ туралы келісім-шарт жасау.
Жалпы алғанда, жыл соңына дейін Алматы облысында 120 пәтерден тұратын 2 үй, Солтүстік Қазақстан облысында 216 пәтерден тұратын 1 үй, Қостанай облысында 352 пәтер болатын 7 үй, Атырау облысында 234 пәтер, Қарағанды облысында 154 пәтердің құрылысы жоспарланған.